Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Ахметжанов Қуандық


Ахметжанов ҚуандықБалқаш қаласындағы  №7 С.Сейфуллин атындағы    мектеп-гимназиясының  11 сынып оқушысы,«Кәусар» әдеби жастар клубының мүшесі жас, ақын, бірнеше облыстық  ғылыми жобалардың  жүлдегері.

                                 Туған жерім Балқашым!

Қуат берген Бетбакдала шөліне,
Таңқаламын сонау Балқаш көліне
Жаннаттайын мекен болған бабама,
Ырыс барған қазағымның еліне

Балықтары асау тайдай тулаған,
Жағасында ну қамысы шулаған.
Айдынында рахаттана шомылып,
Көгалында ойнап-аунап қулаған.

Жағасында бар кеншілер қаласы
Аймағында қазыналы даласы.
Мыс бұлақты ағызады зауытта
Бауырласқан талай ұлттың баласы.

Ел сәніне салтанатты жарасқан
Көгінде әсем нұр ойнаған бар аспан.
Тарихы бар ерліктерден тұратын
Атағы бар мұхиттардан әрі асқан

Жасаған ол ғаламатқа кең істі,
Мыс пен жезді жақындасқан жеңісті.
Балқашымда жасалған оқ - қарулар,
Талқандаған дұшпан фашист немісті.

Аясына бүкіл әлем сияды,
Туады онда көптен биік қиялы
Қадірімен қасиетін білгенге,
Бергеннен көп беретұғын сыйы әлі.

Аспанымда көк байрағым желбіреп
Тыныштыққа болды халқым ел тірек.
Мыс ордамыз күн сайын құлпырады
Қарт мысшылар қарайды оған елжіреп.
Қасиетті туған жерім Балқашым!
Қала күнің құтты болсын
Деп арнаймын ақ тілек.

Комментариев нет:

Отправить комментарий