Адам өмірге келген соң, саналы да жарқын өмір сүруі тиіс.
Ата бабамыз айтып кеткендей бірінші байлық - денсаулық деп жатамыз. Бірақ солай
деп айтқанымызбен көбіміз денсаулыққа мән бермейміз. Тек жанымызға батып
ауырғанда ғана дәрігердің көмегіне жүгінеміз, ал халық емі жайлы ұмытып кетіп
жатамыз.
Халық емі – бұл ғасырлар бойы адамдардың тырнақтап
жинаған тәжірбиесі. Қазіргі медицинаның қайнар көзі сол халық емінде жатыр. Сол
себепті мен сіздерге Сейітқамза Қалиевтің қазақ емінің рецептері мен Тибет
медицинасының негіздері бойынша жазылған «Емдік рецепттер энциклопедиясы» атты
кітабын оқыңыздар дер едім. Осы кітаптың ішіндегі рецепттерден ауруыңызға шипа
таба алатыныңызға мен сенімдімін. Химиялық дәрілерден гөрі осы кітапта жазылған
дәрілік өсімдіктерден жасалған қазақи емдік рецептілерді пайдаланған дұрыс
шығар деп ойлаймын. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік құрметті
оқырман!
№5 балалар кітапхана-филиалының
кітапханашысы Хамиева Нұргүл Ғазизқызы
Комментариев нет:
Отправить комментарий