Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

«Құланның ажалы» тарихи роман



Қазақ тарихында аласапыран дәуірдің, сан түрін бастан өткерген қазақ ұлтын өткен ғасырдың алғашқы ширегін қамтыған дүрбелеңдер де есін шығарғаны анық. Заманның ауып соққан желі елді есеңгіретіп, ерді жолынан адастырғаны, қитұрқы саясаттың құмбыл мінезін бағалай алмай, ақ-қараны айыра алмай талайлардың пұшайман күй кешкені жасырын емес. Осындай бір дүрбелең шерлі шежіреге толы Торғай даласын айналып өтпегенін, қатерлі жылдардың қасіретін, қилы заманның кереғар кейпін талантты қаламгер Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романын оқу барысында көз жеткіземіз. Романының  негізгі желісі - 1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Бұл шығармадағы Құланның тағдыры – бірдің ғана адамның тағдыры емес, жазықсыз жапа шеккен мыңның тағдыры. Құланның мұңы - Елін, ұлтын сүйген ерлерінің сенген үмітінің ақталмай, аяқасты болып, қарақан басының қайда қалғанын білмей, шашылып қалған қазақтың мұңы. Ата-бабаларымыздың қандай заманда өмір сүріп, қандай қиыншылықтарды бастан өткергендігін білгің келсе, осындай тарихи кітаптарды оқуға кеңес берер едім.

№5 балалар кітапхана- филиалының
тұрақты оқырманы
Аширбеков Мэлс




Комментариев нет:

Отправить комментарий