Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Шортанбай Қанайұлы «Қай заман?»

                                                    
Мен сөз ететін Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген кезеңі-хандық биліктің жойылып, қазақтың кең даласын емін еркін билей бастаған кезі болатын. Өз еліңде өгейлікпен күн кешкен қазақтың қиыншылығы мен азабы көп еді.
Осы тұста Шортанбай «Зар Заман» өлеңін қандай себеппен жазды? Өлең жазудағы мақсат неде? Келешек ұрпаққа не айтқысы келді? Осы сауалдарды негізге ала отырып өз көзқарасымды білдіргім келеді. Бірінші кезекте Шортанбай өлеңінде әртүрлі жағдайларды ала отырып заман күйін суреттейді. Ақын «Зар заман» өлеңінде «Мына заман қай заман?» деп біздерге сауал тастай отырып, сол кездегі қиыншылдық кездерді, кіріптарлық пен қорлықта өмір сүрген сол заманның ауыр тұрмысын суреттейді.
«Бұл асылық асқан заманда,
  Ұл туады атаменен егесіп,
  Қыз туады анаменен теңдесіп», - деп сол кездегі қиыншылықты ғана емес, өкінішке орай кәзіргі біздер өмір сүріп жатқан кезеңді де анық суреттеп береді. Бұл ақын Шортанбайдың көрегендігі ме екен дерсің? Қарап отырсам Шортанбай ақын кәзіргі кезеңдегі адамдардың санасы мен адамгершілдік болмысын да дәл тауып айтқандай.
Қорыта айта кететін болсам ақынның «Зар заман» өлеңі сол өзі өмір сүрген заманды емес біздер өмір сүріп жатқан өмірді қамтиды. Олай болса жамандықтан жиреніп, жақсылыққа қарай қадам басайық. Ата-аналарымызды ардақтап, ұлдарымызды ұлықтап, қыздарымызды қадірлей білейік! Сөздің түйіні Шортанбай заманындағы ақын жыраулардың өлеңдерін оқыңдар, 85 жасқа келгенімше ерте кезден жырау дастандарды әжелеріміз жатқа айттыратын еді, сол дәстүрді сусындап өскен біздер, болашақ үшін алаңдаудамын. Салтымызда бар жыр-дастандарды оқып өзіне кішкенеде болса жастарымыз ұлттық өнеге, тәлім-тәрбие алары сөзсіз.

№3 кітапхана-филиалының
тұрақты оқырманы Аманқұлов Совет


Комментариев нет:

Отправить комментарий