Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Өзіңді өзгерткің келсе, ойыңды өзгерт!

      

       Бәсекелік қабілет – бұл ұлттың өңірлік және жаһандық нарықта материалдық өнімді ғана емес, сондай-ақ бағасы мен сапасы ұтымды зияткерлік өнімді ұсыну қабілеті. Жаңа шынайы өмірде бәсекеге қабілеттілік, бірінші кезекте, минералдық ресурстардың бар болуымен емес, адамның бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Сондықтан еңбек ресурсының сапасы ұлт жетістігінің өзекті факторына айналып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап өткендей, әр қазақ бәсекеге қабілетті болу керек. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ең алдымен өз-өзіңді жеңе білуің қажет. Яғни, жалқаулықтан арылып, алдыңа мақсат қоя білуің керек. Алдыңа мақсат қойып, өзіңді жеңе алу үшін ең алдымен кітап оқу қажет.
       Жас оқырмандарға алдына мақсат қоюға, әр ісінде бірінші болуға үйрететін Халықаралық деңгейдегі трансформациялық бизнес-тренер, Бауыржан Момышұлының медаль иегері Аманжол Рысмендиевтің 2013 жылы жарық көрген «Өрлеу» кітабын ұсынамын.

№2 кітапхана-филиалының кітапханашысы
Сәденова Г.

Комментариев нет:

Отправить комментарий