Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Менің сүйікті кітабым


       
       
Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда, тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?

      Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Жақсы жазатын қаламгердің шығармасы оқылып қана қалмайды, одан қалса, сізді жақсы сөйлеуге үйретеді, сіздің тәлім тәрбиеңізге әсер етуі мүмкін.
     Мен зейнеткерлік жасқа келгенше бірталай кітап оқыппын. Солардың ішінде кәзіргі заманда жастарымызға тәрбиелік мәні бар кітаптар азайып бара ма?.Жастарымыздың әсіресе қыз балалардың тәрбиесіне қазақ ата бабамыз ықтиаттылықпен қараған., Үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлықпен қарау жойылып бара ма деп ойлаймын кейде.
       Кәзіргі қазақ келіндерінің арасында атаны,енені сыйламақ, өзінің сүйіп қосылған жарларын сыйлаудан қалды. Осы бір тұста мен осы жастарымызға  жаңа түскен келіндерге,  З. Ахметованың  «Шуақты күндер»  атты естелік кітабын оқуға кеңес берер едім. Бұл кітапта ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының жалғыз келіні болған Зейнептің бойында қазақ әйеліне үлгі болар қасиеттер жетерлік. Ене көңілін табуға болар. Ал мінезі дүлей ата көңілінен шығу Зейнепке оңайға соқпады. Келіннің сөзіне, қимылына, әрекетіне жіті қарап, ескертіп отыру атаның әдеті еді. Сондықтан Зейнеп өзінің қыз кезіндегі мінезін, жүріп-тұру,қонақ қабылдау әдеттеріне сергек қарады.Зейнептің қагілез пәк жүрегіне қатал атасы да түсіністікпен қарап ержеткізді. Үй жұмысын дөңгелете отырып, сауаттылығын да бір сәт естен шығармады.    Әрбір күнін тиімді пайдаланды. Атасы командир, өзі солдатынша пысықтығын көрсетті. Кем кетікке  көмегін,үйге келген қонағына жайлылығын, ата қаталдығына сүйіспеншілікпен жауап бере білді.
 Зейнеп  Ахметова  қазақ әйеліне, қыздарға үлгі болатын  Ана деп білемін.

 Ата- ене арасында қиындық туып жол таба алмай жүрген келіндерімізге осы кітапты оқуға кеңес беремін, бір пайдасы болар.......



№3 кітапхана-филиалының тұрақты оқырманы, зейнеткер ұстаз Ағыбай Сания


Комментариев нет:

Отправить комментарий