Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Кітаптан неғұрлым көп пайда алу үшін оны қалай оқу қажет!


Субвокализация — мәтінді ішімізден оқу үрдісі. Адам минутына 200-300, кейде 400 сөз жылдамдықпен сөйлей алады. Бұл шамамен оның оқу жылдамдығымен сәйкес келеді. Жылдам оқудың белгілі теорияларының ешқайсысы шын мәнісінде жұмыс істемейді, себебі субвокализацияны бәсеңдете отырып, мәтінді жақсы меңгеру мүмкіндігі ғылыми түрде дәлелденбеген. Сөздердің қалай дыбысталатынын елестете алмайтын керең-мылқау адамдар да сөздерді ішінен айтады, бірақ бұл саусақтарды қимылдату немесе қол бұлшықеттеріне күш салу арқылы жүзеге асады. Демек, субвокализация үрдісінің физиологиялық негізі де бар. Кез келген мәтінді асықпай әрі мұқият оқу керек, мүмкін болмаса, оқуды кейінге қалдырған жөн. Біздің жадымыз үзінді түрінде жұмыс жасайды — нәтижесінде біз оқылған кітаптың 85% ұмытып қаламыз. Бірақ, есте сақталатын ақпарат көлемін ұлғайтудың бірнеше жолы бар. Ол үшін белсенді оқу тәсілін қолдану керек:

-                    белгілер қою;
-                    қызықты немесе пайдалы үзінділерді көрсету;
-                    болашақта тереңірек ақпарат іздеу үшін сұрақтар құрастыру;
-                    Кітап бетіне қарындашпен белгі қоюға;
-                    doc-файлда немесе Evernote қызметінде жазбалар жасау.
 Оқығаннан кейін рецензия немесе қысқаша мазмұн жазсаңыз, бұл кітапты меңгеруде көп көмегін тигізеді, ал ең құнды ақпарат үнемі қолжетімді болады. Жаңа кітапты алғаш оқығаннан кейін толықтай түсіну әдетте қиын болады. Кітапты жақсы түсінудің жолы — оны екі рет оқу. Мортимер Адлер өзінің «Кітаптарды қалай оқу керек?» атты еңбегінде сүйікті шығармаларымызды тіпті бес-алты рет оқуға кеңес береді.


Комментариев нет:

Отправить комментарий