Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

«Абай жолы» романы – әр қазақтың оқуға тиіс кітабы!


        Қасиетті Құран кітабынан кейінгі жүрегіме ерекше із қалдырған менің сүйікті кітабым - «Абай жолы» романы. Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлыңың өмірі баяндалған «Абай жолы» романын, өз басым, өмірімде қиын қыстау кезең уақытында оқығанмын. Роман менің жан дүниемді сілкіп тастап, «басыңды көтер, надандыққа жол берме!» - дегендей болды. Романда көрсетілген әлеуметтік теңсіздікті, руаралық қақтығысты, туған – туыспен қарым қатынасты, әженің, ананың ерекше махаббатын өз басымнан өткізгендей болдым.    
С.Сейфуллин атындағы ОҚК оқырманы
Нұржанова Шолпан Серікқызы


Комментариев нет:

Отправить комментарий