Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!


Психологтар жиі қолданатын «Мартин Иденнің синдромы» деген ұғымды естігеніңіз бар ма? Естімесеңіз әрі қарай оқыңыз.
Барлық бала асыр салып ойнағанды жақсы көреді. Студенттер паркке барып, қыздармен қыдырғанды ұнатады. Жастардың желігіп, балалардың қызыққа құмартуы – қалыпты құбылыс. Бірақ 30-дан асқан ер жігіт қызық қуалап, саябақта уақыт өлтірумен айналысса, жігіттің жан дүниесінде кемшілік бар дегенді білдіреді. Бұл психологиялық кемдікті «инфантилизм» (балалық шақта қалып қою) деп атайды.

«Не үшін өмір сүру керек?» деген сұраққа жауап іздеп көрмеген жас адам «өмірдің мәнін таба алмадым» деп ойланбауы мүмкін, әрине. Алайда орта жастан асып, құмардың қызығы сарқыла бастағанда ер азамат өмірінің тұйыққа тіреліп, рухани тоқырағанын анық сезе бастайды. Өмірдің бұлжымайтын заңы бойынша тұрмыстық деңгейдегі жетістікті өмірлік мақсат етіп қойғандар рухани тоқырауға тез ұшырайды. Себебі, орта жаста біраз «биікті» бағындырып болған соң, ол бейне бір қу медиен далада қаңғып қалғандай жаны құлази бастайды. Психологтар бұл көңіл күйді «Мартин Иденнің синдромы» деп атайды. Бұл – Джек Лондонның атақты романындағы басты кейіпкер. Мартин есімді американдық жас жігіт талантын барынша пайдаланып, өмірде үлкен жетістікке жетіп, қоғамның қаймағы саналатын адамдардың қатарына кіргісі келеді. Сол үшін ұйқысын бес сағатқа шейін қысқартып, жылт еткен бос уақыттың бәрін тынбай кітап оқуға арнайды. Жанкешті еңбегінің арқасында қарапайым теңізші жігіт қысқа мерзім ішінде мақсатына ақыры жетеді. Кедей кезінде бұрқыратып жазып тастаған әңгімелерінің бәрі ойламаған жерден кітап болып басылып, даңқы жер жарады. Арман болған гонорар да өзен құсап ағылып, қалтаға құйыла бастайды. Сіңірі шыққан кедей жігіт бас-аяғы 5-6 айда мультимиллионер болып шыға келеді. Есесіне шылқыған жаңа өмір Мартинді тез жалықтырады. Атақ пен ақша пайда болғанда ғана қасынан табылғысы келетін арсыз адамдардың қоршауында қалып қойған дарынды жас жазушы жаңа ортасы мен мағынасыз өмірінен жиіркене бастайды. Ол «Өмірдің мәні еде?» деген қарапайым сұраққа жауап таба алмай, су жаңа пәтерінде өзінен өзі жүнжіп, біржола шөгіп отырып қалады. Әрі қарай не істерін білмей дал болған Мартин Иден өзін өзі теңізге тастап, тұңғиыққа батып өледі.
Қызықты болса осы сілтеме http://qasym.kz/martin-iden-keseli/ арқылы мақаланы толық оқып шығуыңызға болады.
Сонымен қатар, Джек Лондонның «Мартин Иден» романын оқуға кеңес беремін.


Комментариев нет:

Отправить комментарий