Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін деректер

    Биылғы жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясына Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы кіріпті. Қуандым. Нағыз оқитын дүниеге, нағыз тани түсетін жазушы. Жазушы ғана емес, қазақтың ұлы, батыры, қаһарманы. Оны бәріміз білеміз, мақтанышпен жеткіземіз. 
    Осыған орай Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін 10 деректі ұсынамыз.
- Бауыржан Момышұлы үш қыздан кейін, әкесінің 53 жасында дүниеге келген.
- Бала кездегі лақап аты – «Шаңтимес».

- 22 жасында әскери қызметті қатардағы жауынгерден бастап, 5 мың басы (дивизия командирі) болу дәрежесіне дейін жеткен.

- Соғыс уақытында дивизия басқарған екі-ақ қазақтың бірі болған. Екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин.
- Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірген.

- Бойы 1 метр 78 сантиметр.

- Қысты күнгі аязда да терезені ашып ұйықтайтын, қолғап кимейтін болған.
- Қолына түскен қағазға ою ойып, сурет салатын болған. Бір-біріне ұқсамайтын 70-ке жуық оюы сақталған.
- Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, бастауыш сыныптарға сабақ берген, банк экономисі қызметінде атқарған, ат үстінде қылышпен өнер көрсетудің шебері, соғыстан келген соң жазумен, шығармашылықпен айналысқан.
- Орыс тілін әдейілеп әдемі қазақша акцентпен сөйлейтін болған.


Комментариев нет:

Отправить комментарий