Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

БӨКЕН ДИНА


БӨКЕН ДИНА – алты Алашқа аты мәлім, ақтаңгер ақын Абзал Бөкеннің інісінің қызы Динаның өлеңдерінің ойы анық, тіркесі мен ұйқасы жұп-жұмыр, тақырыбы алуан түрлі. Қазіргі таңда Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің 1 курс студенті. Дина бойындағы ақындық өнерін дамытып, шығармашылығын шыңдау үшін көп еңбектеніп, ізденіп, білім алу керек деген түйінмен «Каусар» әдеюи жастар клубына келген болатын. Динаның өлеңдері қалалық, облыстық газет-журнал беттеріне жарияланып үлгерген екен.
Күз
Күз де келді сарғайды жапырақтар,
Күлімдеген әдемі қалды бақтар.
Күн суытты, көңіл де сол мезгілдей,
Аппақ болып сұрланып түсі кетті.

Орман сәні көрікті жазғы қайың,
Оған да күз мезгілі  болды уайым.
Жабырқау күз көңілді жабырқатты,
Көңілді күн жабырқап ол да батты.

Бұл күзің жабырқаулы болғанымен,
Жазғы гүл өңі қашып солғанымен.
Ерекше күз бұл күзің бәріне де,
Ерекше жастарға да кәріге де.


                                                                      


Ана - жаным
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».

 Сұм тағдырды кешіп өттің басыңнан,
Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.
Кешір ана, қателессем кеше көр,
Бірақ алыс кете көрме қасымнан.

Комментариев нет:

Отправить комментарий