Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

«Бақыттың кілті» өз қолыңда!

Марат Тоқашбаев:
...Жар таңдаудағы ерекшеліктер туралы айтқандарың өте орынды. Марқұм апам ағынан ақтарылып: «Раушан – құдайдың бізге берген пәдәркісі» дейтіні есіме түседі. Рақмет, Раушантайым! Қалай десек те отбасындағы рухани үйлесімділік өте маңызды емес пе?!

Раушан Каршалова:

...Иә, отбасын құруға шешім қабылдар алдында ер мен әйелдің рухани үйлесімділігі, дүниеге көзқарасы, сондай-ақ бір-бірін бағалай алуы да өте маңызды деп ойлаймын. Сыйластық, түсіністік болған жерде жарасымдылық орнайды. Алғашында бәрі жеңіл көрінгенімен, сананы тұрмыс билейтін заманда жұбайлар бір- бірін түсінсе, бағаласа, кикілжің бұлардан алыс жүреді  Ислам қағидаларында да «Бір күн ұрыс болған жерге қырық күнге дейін ырыс кірмейді» деп жатады. Сондықтан сабыр да аса қажет»,- деп келетін диалогтардан құралған ерлі-зайыпты журналистер М.Тоқашбаев пен Р.Каршалованың «Бақыттың кілті» атты кітабы – отбасылық  құндылықтарды насихаттауға арналған. Бүгінде өмір сүру жеңіл көрінгенімен, бақытты отбасын құру оңай емес. Отбасы мықты болса,  мемлекетіміз де мықты. Отбасы бақытының басты қағидаттарын білгіңіз келсе, бұл еңбек сізге арналады.

№1 кітапхана-филиалының кітапханашысы
Тлеуберлина Ақнұр


Комментариев нет:

Отправить комментарий