Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Жақсыдан жақсы ғана туады

Ұлы адамның үлкен адам болып қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді? Қандай ортада өсті, кімдер тәрбиеледі? Міне, осы сұрақтарға жауапты мен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабының беттерінен таптым.
Тәрбиелік мәні бар кітап, өз басым, әжемнің тәрбиесін көрген жан емеспін, сондықтан, Бауыржан атаның әжесіне деген махаббатын, ол кісіні ақылды, дана, мейірімді жан ретінде сипаттағанда көзіме жас алып, өз әжелерімді еске алдым. Анадан жастай айырылған ол, әжесінің тәрбиесін бойына сіңіріп өскен жан. Әкесі мен көкесі (әкесінің туған бауыры) ел арасында құрметті адам болғандары, ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, дау – дамайда әділдікпен шешім қабылдай алған жандар ретінде белгілі болған. Осыдан, бір ғана қорытынды жасауға болады: Жақсыдан жақсы ғана туады, ұядан не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің деген сөздер рас екен!

Шолпан Нұржанова,
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық
кітапхананың тұрақты оқырманы

Комментариев нет:

Отправить комментарий