Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Қызықты кітапханалар


«Қазіргі жастар кітапханаға бармайды» деген сөз жиі айтылады. Ал жастардың айтар өз уәждері бар. Кей кітапханалардан іздегенін таба алмаса, енді біреулері кітапхананың сырт пішініне, аурасына мән береді екен. Рас, шыбынның ызыңы ғана естілетін мүлгіген тыныштықта, ауасы тымырсық кітапханада кітап оқымақ түгілі, ұйқың келіп кетеді. Ұйқыны келтірмес үшін, оқырманды жалықтырмас үшін әлемнің кейбір елдеріндегі кітапханалар ерекше дизайнмен, көз тартар сәулетімен салынған.
Мысалы, АҚШ-тың Канзас қаласындағы Орталық кітапхананың ерекшелігі – кітап сөресінде екен. Биіктігі сегіз метр, ені екі метрден аспайтын кітап сөреден Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын, Джон Рональд Руэл Толкиннің «Сақиналар әміршісі» трилогиясы, Герберт Уэльстің «Көрінбейтін адам» романын, Габриэль Гарсия Маркестің «100 жылдық жалғыздық» романын, Марк Твеннің «Гекльберри Финнің бастан кешкендері» хикаятын оқуға болады. Кітапхананың тағы бір ерекшелігі – ішкі құрылымы банк стиліне ұқсатып жасалған. Егер Казнас қаласына жолыңыз түссе, бұл кітапхананы оңай тауып аласыз.




Ал Францияға жолыңыз түссе, Ницца қаласындағы Луи Нюсер кітапханасына баруға болады. Бұл кітапхананың ерекшелігі – бастың мүсініне қорап кидіріп жасаған сәулетінде. Францияның беделді Ив Байяр мен Франсис Шапюдің қиялынан туған бұл сәулет өнерінің мағынасына қай жағынан үңілсеңіз де, мәні тереңде жатыр.
 Италияның Перуджа қаласында орналасқан, Италия ақыны Сандро Пенна атындағы кітапхананың сырт пішіні «НЛО» тәрелкесіне ұқсайды. Кітапхананың сырты күлгін әйнекпен қапталған.
АҚШ-тың Сан Диего қаласындағы Гейзель ғылыми кітапханасы сегіз қабаттан тұрады. Тек қана әйнек пен бетоннан ғана жасалған бұл ғимараттың баспалдақтарына жыланның суреті бейнеленген екен. Кітапханаға кіріп бара жатқан адамның көзіне «Оқыңыз, жазыңыз, ойлаңыз, армандаңыз» деген сөздер бірінші түседі екен.
Біздің елде де ерекше салынған кітапхана бар. Ол – Астана қаласындағы Президент кітапханасы. Сыртқы дизайны домаланып, ұшатын тәрелкеге ұқсайды. Ғимараттың әйнегі күнге төселіп, кітапхананың ішін табиғи жарықпен қамтамасыз етіп тұр.


Ибрайымов, А. Қызықты кітапханалар /А.Ибрайымов //Ақ желкен.- 2018.- №2.- 45 б.
                                                   

Комментариев нет:

Отправить комментарий