Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

С.Бегалиннің «Көксегеннің көргендері»


Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің бұл повесі жас кейіпкеріміз Көксегеннің өмірге, жалпы табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасы арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен сол кезеңдегі тұрмыс жағдайынан сыр шертеді.
Көркем шығармада Ұлы Отан соғысынан кейінгі Алтай шыңдарының етегінде орналасқан Берел колхозының тыныс тіршілігі суреттеледі. Ауыл халқының жаңа кезең – шаруашылықты көтерудегі ерен еңбектері туралы әңгімеленеді. Сабақтан бос уақытта Көксеген, Өтеш пен Зарқұмар үлкен ағаларымен қосылып  шөп шабу, егін жинау басқа да жұмыстар жасайды. Ол кезде жастар елгезек, епті, еңбексүйгіштігімен ерекшеленген. Көксеген осы ауыр еңбекте жүріп, Алтай шыңдарының етегіндегі табиғат өзгерістерін байқап жүретін.
...Жаратылыс – ғажап, бір аңның қасиеті – мүйізінде, мысалы, бұғының мүйізіндегі қан – сан ауруға дәрі. Ал, аюдың өті – сан  жараға ем. Міне, ғажаптар... Олай болса, С.Бегалиннің «Көксегеннің көргендері» кітабын оқып, табиғат ғажайыптарына сапар шегіңіз...


Рғабаева Айгүл Төлеуғазықызы

Комментариев нет:

Отправить комментарий