Елбасының «Рухани жаңғыру» дегені –
адамның ішкі жан дүнесін қайтадан жаңғырту дегеніміз деп түсінемін. Қазіргі
заманда техника, интернет жақсы дамығандықтан, кітап оқу жоғалып бара жатыр. Сондықтан
барлығыңызға кітап оқуды әдетке
айналдырыңыз демекпін. Кітап оқыған адам
- табысты адам.
Жергілікті жазушы Жанболат Башар – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, қаншама кітаптардың авторы. Мен
сіздерге Жанболат Башардың «Қабір
үстіндегі зұлмат» атты кітабын оқуға
ұсынамын. Бұл кітап Астана қаласында 2016 жылы басылып шықты. Кітапта повесть, әңгімелер
жинақталған. «Қабір үстіндегі зұлмат» повесінде
Кеңес Одағының қазақ халқына жасаған
зұлматы баяндалады. Яғни, 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған
азаматтар, сол кездегі халықтың қайғы қасіреті жазылған. Жазушы халықтың халін Елхан қарт арқылы суреттейді. Қазақ халқы не қызыл Армиядан, не басқадан пана
көрмей ақиқат іздеп жүргендері туралы айтылады. Бұл оқиғалардың барлығында
туған өлкенің қасиетті жерлері кездеседі. Қаншама адам туған туысқаннан айырылады. Кітапты қолыңызға алып
сіз де оқып, ой бөлісіңіз...
Кенжебекова Лаура Талғатқызы
Комментариев нет:
Отправить комментарий