Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Туған жерім – мақтанышым


        Менің туған жерім кішкентай ауыл болса да, мен үшін аса қымбат жер –  ол Сарытерек ауылы.  Дәл осы жерде менің қызықты, бақытты балалық шағым өтті. «Тоқырауын» өзенінде шомылып, көкорай шалғынында, таза ауада алаңсыз ойнағаным, достарыммен мектептен бірге қайтқан сәттерім  әлі есімде. Ауыл мектебінде білікті ұстаздардан білім, тәрбие алдым. Алған білім мен тәрбиені өмірде қолдана білдім. Сол кезде ол маған үлкен ауыл болып көрінетін. Ауылдың табиғаты ерекше, өйткені ауылда терек ағашы өседі. Күз айында сары алтындай түске еніп, бізді ғана емес келген қонақтарды да қызықтыратын.  Жусаны мен жуасы бұрқыраған, ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні емес пе? Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Ауылға байланысты қаншама аңыздар, өлеңдер, толғаулар  жазылған, тарихы тереңде жатыр. Қаншама атақты тұлғалар, әншілер шықты.  Ауылдың түтіні, малдардың өрістен қайтқан дауысы қай адамды болса да тебірентпей қоймайды. Қазір ауылдан жырақта тұрсақ та, ауылға барғанша асығамыз. Қайда жүрсек те туған жер мәңгіге алтын бесік болып қалмақ!
Кейде қаланың күйбең тіршілігінен шаршаймыз...Ал, сіз ауылды сағынасыз ба?

Кенжебекова Лаура Талғатқызы


Комментариев нет:

Отправить комментарий