Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Досымбетов Тимур Камалұлы

 

  Қазақ спорт тарихында аты алтын әріппен жазылған тұңғыш чемпионның бірі - Тимур Досымбетов. Қазіргі бессайыс спортынан Италия астанасы Римде өтен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Тимур Досымбетовті көпшілік біле бермейді. Атпен кедергілерден өту, семсерлесу, 25 метрлік қашықтықтан тапаншамен ату, 300 метрге еркін жүзу және 400 метрге кросс жүгіру секілді спорттың бес түрін қамтитын сында алдына жан салмаған саңлағымыздың тарихи жеңісі мен спорттағы сара жолы жас өренге үлгі болуы тиіс.

    Бессайыс – спорттық жарыстың бір түрі. Оның бағдарламасына спорттың бірнеше түрі енеді: атпен кедергілерден өту (конкур), семсерлесу, тапаншамен ату (25 метрден), еркін жүзу (300 м), жеңіл атлетикалық кросс (4000 м). Жарысқа қатысушылардың  орны спорттың әр түрінен алған ұпайларының қосындысына байланысты есептеледі. Бессайыс ертедегі Грекияда өткен Олимпия ойындарының бағдарламасына еніп, пентатлон деп аталған. 

 

 

 

Дереккөз: Ақ желкен .- 2020 желтоқсан (№12).-20-22 бет

 

Комментариев нет:

Отправить комментарий