Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Балтабаев Диас Маликұлы


Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің 4 курс студенті. Сіздердің назарларыңызға кітапханамыздың тұрақты оқырманы Диастың жүрекжарды туындыларын ұсынамыз. Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған «Мен - Қазақпын» жастар арасындағы облыстық мүшәйраға қатысушы.

 Жұбан Молдағалиев 100 жыл

 

Мерей тойын құтты болсын жан ата,

Тау шыңындай биік,ой-санасы жеке дара.

Кіші жүз, Байұлы, Байбақты руынан шыққан

Қазақтың дарабозы, көбінен ерек туған асыл ата!

 

Көкірегім ашылды өлеңменен,

Ата-бабам салған жолмен жүріп келем.

Шабытымның асқары биіктенсе,

Жаралдым жауынгер ақынның жүрегіннен.

 

Ойы жүйрік болғанымен сөзге шебер,

Жауларын қырып салған,ол жауынгер!

Қалай ғана «Жұбанмын» деп мақтанады,

Атамның еліне деген ерлігін білмегендер.

 

Өмірін өлеңменен ұштастырған, 

Өткен заманның, қатал тағдырын жырлаған

«Кісен ашқан» поэмасын жазып ақ,

Ел назарын өзіне қарай бұрғызған!

 

Қазақтың ерекше бір ақыны,

Тарихта бас әріппен есімі жазылған.

Алашымды қара жырмен толғандырған

Әділдік пен батылдықты ұштастырған,

«Мен-қазақпын мың өліп,мың тірілген» деп,

Қазағымды рухты үнімен жалындатқан!

  

Тарихи қазақ  даласы

 

Азияның төрінде,Қазақстан деген елім бар,

Кең байтақ жерімде,он сегіз миллион халқым бар

Бәрін менен бірін айтып тастайын,

Жан дүниемде жатқан,сырлы үнім айтарым бар.

 

Тарихқа көз жүгіртсек егерде біз:

Бабалар салған жолды саралайық

Тер төккен аянбай ұрпағы үшін,

Елге деген еңбектерін бағалайық

 

Елім менің,басынан не көрмеген

Хан Жәнібек пен Керейім,

Шу мен Талас қос өзеннің бойында

Қазақ хандығын құрып,туын тіккен.

 

Қобыланды,Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай.

Қан майданда алаш үшін жанын берген

Қазақтың кең аумақ жерінде,

Батырлардың қызыл қаны төгілген.

 

Қалың елім, көтеріліс пен шайқастан көз ашпаған,

Батырларым үйін тастап  жорыққа аттанған,

Исатай мен Махамбет жер үшін күрескен

Қазағымның ар-намысын қолдан бермеген!

 

Ата-бабам тәуелсіздікті аңсаған

Көз ілмей,талай таңды атырған

Сәкен, Абай, Мұқағали, Ыбырай ақындарым

Болашақ ұрпағына із бен мұра қалдырған

 

Міржақып, Әлихан мен Ахметім

Алаш үшін жанын қиған арландарым,

Жүсіпбек, Мұхтар менен Мағжаным

Шындық айтып шырылдаған тарландарым.

 

 

Ұлы Отан соғысы басталғанда,

Қазағымның қауіп төнді ел-жұртына,

Алланың берген сынағы деп ойлаймын

Елімді есеңгіреткен,тәуелсіздік жолында.

 

Момышұлы Бауыржан, Мәскеу үшін шайқасқан,

Батырлар болды майданда жанын қиған

Әлия менен Мәншүгім қос жұлдызым,

Қолдарына автомат ұстап ұрысқа аттанған.

 

Биіктегі сұңқар құстай Нұркенім қалықтаған,

Аспандағы жауларын аямаған,

Талай батырлардың ерлігіне куә болдық,

Жеңістің тууын тіккенде-Қошқарбаев Рақымжан!

 

Көтерілді желтоқсанның қақаған қысында,

Үнсіз қарап тұра алмады Қайрат, Ләзәт, Сәбирада.

Қарамады қыстың ызғар суығына

Оған болды басты себеп:

 

Колбиннің тағайындалуы хатшылыққа.

Билік басына қарсы шыққандарға

Қолданыпты неше түрлі жаза, айла

Ел үшін шырылдаған ар-намысты жастарын,

 

Мақтан тұтам жар салып алашыма!

Еркіндік деген басында бақ барда

Тарихты бермеймін мен тапталуға

Тарих деген ұлтымыздың көрінісі емес пе?

 

Арайлы азаттықтың ақтаңында,

Жылдар өтіп,жеттік тәуелсіздік тұғырына!

Танылды әне, елім менің бар жаһанға

Біз қазақ,Еуразия кіндігіміз,

 

Жарты әлемге алашыммен үлгіліміз,

Болашақ ұрпақтың қолында демеп пе еді,

Нұрсұлтандай ел басқарған, тұңғыш елбасымыз!

Алтын күнде еліме нұр береді,

Қазақстаным сол нұрмен түрленеді

Қазақстаным кең байтақсың,тәуелсіз.

Елбасымның қолдауымен гүлденеді!

Қасым-Жомарттай басшымыз бар елімнің,

Болашаққа қадам басам сенемін

Елімдегі бар асыл іс, қасиет-

Елбасымның еңбегі деп, мен білемін.

Ойлап тұрсам осының сараптап,

 

Елбасымыз қиындыққа қараппа,

Көмек қолын созып жатыр, ел-жұртына барынша,

Мақтанышпен айта аламын халыққа!

 

Домбыра

Қос шекті-домбыра! тоғыз пернесі тағылған

Ұлтымыздың қазынасы сен,біраз ғасыр сақталған

Қазақтықты азаттықпен қауыштырып, 

Қазағымды бар әлемге таныстырған.

 

Домбыра!алашымның мұңын шерткен,

Бұл сөзімді талай ақын дәлелдеген

“Нағыз қазақ,қазақ емес-нағыз қазақ домбыра”, 

Ата-бабам сусындатқан нөпір жырмен!  

 

Домбыра! ЮНЕСКО-ның тізімінде жазылғансың  

Қазақ десе,бірден еске түсіп танылғансың, 

Әлемге қоңыр үнін шырқалып 

Көпшіліктің көкейінде сақталғансың

 

Домбыра! Қазақтың төрінде,ілініп бағаланған,  

Көне аспап,тарихы бар сан-алуан

 “Адай”, “Балбырауын”,“Сары-Арқадай” күйлерімен,

Құрманғазы елдің мұңын тебіренткен!

 

Шығармайық,еш уақытта біздер естен!

Тоғызында“домбырашы қыз” деген атқа ие болған,

Домбыраның құлағында ойнаған, Дина апамыз, 

Қазақты аспабымен елеңдеткен 

 

Қашаубаев Әміре атамыз, Париж сахнасында 

Күй тартып көрермендерді, өнерімен тәнті еткен!

Нар тұғырлы тұлғалардың ізін басқан,жалғасымыз!  

Жарқын болар біздердің,болашағымыз!

Күй атасы-Құрманғазы болса егер,

Күй анасы-Диналардың ұрпағымыз!

 

 

Комментариев нет:

Отправить комментарий