Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

«СӘТСІЗДІГІ» СӘТТІЛІККЕ АЙНАЛҒАНДАР

Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн бопуды армандаған Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ та діттеген мақсатына жете алмай, біраз қиналған екен. Баянауылда мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болады, бірақ ісі жүзеге аспайды. Сол жылы орысша оқу іздеп Семейге барған С.Торайғыров оқуға түсе алмай, сағы сынады. Өмірдің қиындықтарына мойымаған ақын ұлттың рухын көтеретін өлеңдерімен өшпес із қалдырды. 


XIX   ғасырдың    ұлы математиктерінің бірі Карл Фридрих ГАУСС бар-жоғы сегіз жасында арифметикалық қатар жиынтығының формуласын ашты. Гаусстың әкесі ғалымдығымен көзге түскен адам емес. Ол қабырғаларды, қорғандарды, тас ошақтарды жөндеп жүретін қарапайым тас қалаушы болатын. Ол қалдыратын адамы болмағандықтан, жұмысқа үнемі өзімен бірге кішкентай ұлын да ертіп алатын. Гаусс әкесіне тастарды әперіп тұрып, жалықпай санап тұратын көрінеді. Сірә, Гаусстың математикаға деген қабілеті осы ерте жастағы әдетінің арқасында дамыған болар.

Уолт ДИСНЕИді жастық шағында газеттен «елестетуің мен идеяларың нашар» деп жұмыстан шығарып жіберді. Онымен қоймай, оның Диснейланды мен Микки Маус мультфильмін «түкке тұрғысыз туындалар» деп жоққа шығарды. Бірақ нәтижесін өзіңіз білесіз.




      Атақты режиссер Стивен СПИЛБЕРГ екі рет кино мектебіне оқуға түсе алмайды. Себебі оған «Сен талантсыз болғандықтан, оқуға қабылдай алмаймыз» деген еді...




Уинстон ЧЕРЧИЛЛЬ бастауыш сыныпта екі рет сыныптан сыныпқа көше алмай, жоғары оқу орнына да екі жыл қатарынан түсе алмады. Ешқашан алған бетінен қайтпауды өмірлік ұстанымы еткен қайсар Уинстон 62 жасында премьер-министр атанды.



Ақын, публицист Аманхан ӘЛІМҰЛЫ қарашаңырақ ҚазҰУ-ға жеті жыл дегенде оқуға түскен.








Қазақтың атақты жазушысы Ғабиден МҰСТАФИН де алғашқы жылы оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарда тіркеуші болып жұмыс істеді.






Авраам ЛИНКОЛЬН жас кезінде жолы болмаған тұлғалардың бірі. Өзін әр түрлі салада сынап көрген Линкольн бизнесте де, соғыста да, саясатта да сәтсіздіктерге душар болды. Бірақ қазір оны АҚШ- ты дамытқан, құлдарды босатқан ең беделді президент ретінде танимыз.





Әйгілі «Гарри Поттердің» авторы - Джоан РОУЛИНГ аз ақшаға күнелтіп жүрген жалғызбасты ана еді. Оның қолжазбасын еш баспа қабылдамай, 12 рет бас тартты. Тек бір Лондонның шағын баспасы ғана қолжазбаны басып шығаруға келісім берді. Ал қазір Роулингтің қаржылық жағдайы 1 млрд. долларға бағаланады.

ТНЕ ВЕАТLES тобының мүшелеріне «Шоу-бизнесте сендерге орын жоқ» деп талай сарапшы айтқан екен. Бірақ қазір        олардың өнеріне  барша халық тәнті.






Герланд Дэвид САНДЕРС - атақты КҒС желісінің негізін салушы. Кеntucky Fried Chicken ресторандар желісінің осындай деңгейге жетуі үшін Сандерс тауық етін егде жасына қарамастан, өзі пісіріп, көшеде жүріп сатты. Ал қазір әлемнің 110 елінде 16 мың асхана желісі бар.




Билл ГЕЙТС алғаш өзінің фирмасын ашқанда оның жұмыстары алға баспады. Бірнеше жыл бойы мақсатына жету үшін күресіп, күллі адамзат қолданатын МICROSOFT бағдарламасын дүниеге әкелді.



Комментариев нет:

Отправить комментарий