Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Кітапты жылдам оқыған жақсы ма?


Кітап оқу дәстүрінің адам санасына ғана емес, денсаулығыңа тигізер оң әсері көп. Оқу барысында адамның бойында біраз оңды өзгерістер орын алады. Айталық - есте сақтау қабілеті жақсарып, түйсігі жоғарылайды.
    Біле білсек, тарихта аты қалған мықты тұлғалар кітап оқудағы жылдамдығымен ерекшелінген. Демек, жылдам оқу әдісін дамыта түскен сайын адамның түрлі қабілеті ашылуы мүмкін.
Орта есеппен алғанда, адам минутына 200-250 сөз, яғни, 2 бет оқып шығады. Ал әлемдегі адамдардың 5 пайызы өте баяу оқитындықтан олар минутына 180-220 сөзді ғана оқып үлгереді.
Бір қызығы, асықпай оқу барысында адам кітапта жазылған дүниенің 60 пайызын ғана қабылдай алады. Жылдам оқығанда, керісінше, туындының 80 пайызын түсінуге мүмкіндік туады. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңеді. Сондай-ақ зерттеушілер жылдам оқығаннан, асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтапты. Қарапайым адам бір нүктеге қарағанда 10 әріптік белгіні көруі мүмкін, яғни көзінің көру аумағы бір мезетте 1-2 сөзді қамти алады. Ал жылдам оқитын адамның мүмкіндіктері одан әлдеқайда жоғары. Ол бір зер салғанда 200-500 белгіні, яғни, 33-83 сөзді көре алады.
Көпшілік жылдам оқу мен асығыстықты шатастырып алады. Асығып оқығанда, адам мәтінді дұрыс түсінбеуі мүмкін. Ал түсініп, түйсініп оқылмайтын болса, оны ғылымда жылдам оқу емес «қарап шығу» дейді.


Дереккөзі: Айгөлек журналы. - 2005. - №8. - 26 бет

Комментариев нет:

Отправить комментарий