Сайран
Нұрсұлтан 1.07.2003
жылы туылған Қарағанды облысы, Балқаш қаласындағы, М.П.
Русаков атындағы №2 мектеп-интернатының
оқушысы ,«Кәусар» әдеби жастар клубының мүшесі жас, ақын, бірнеше
қалалық жыр мүшайраларының жүлдегері.
АНАМА
Ана деген өмірімнің жарығы
Әлдиімен естілгендей әр үні
Сәбиі деп жұдырықтай жұмылған
Сөнбесінші жүрегінің жалыны.
Ана деймін,ана деймін мақтана,
Құшағында ғұмыр кешем шаттана
Мейірімнің бастауы болып қалады
Ана есімі жүректерде жаттала
Жарық берер көздің ақ пен қарасы
Ана деген тіршіліктің панасы,
Ей адамзат ...Бақыт бағын іздесең
Бар анаға сәби көзбен қарашы
АҚИЫҚ
АҚЫН АТАМА
Мен ұрпағың жырыңды жатап өскен,
Жыр теңізді аралап
өмір кешкен
Мұқағали ақиық ақын сексен бесте,
Жыр арнаймын қалмаймын мен де көштен
Қазақтың маңдай алды бас ақыны,
Мұқағали атам ғой жыр асылы
Поэзия патшасы екені рас,
Жырыңды бар оқырман жаттап алды.
Өмірін өлеңменен өрген ақын,
Алатын өнері бар төрден ақын.
Бар халқымның есінде сақталады
Мұқағал Мақатаев деген ақын.
Жанға рух сыйлаған сөз атасы,
Өзіме тисе деймін жыр батасы,
Арманым өзің салған ізбен жүру.
Болса да қиын соқпақ жыра тасы.
Комментариев нет:
Отправить комментарий