Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

АЛҒАМЖАНОВ МЕЙІРЖАН



АЛҒАМЖАНОВ МЕЙІРЖАН – 2006 жылдың 31 наурызында Балқаш қаласында дүниеге келген. Қазір Абай атындағы №2 лицейдің 6А сынып оқушысы. Білім мен шығармашылық шабытын қоса шыңдап жүрген Мейіржан бойына ақындық пен кітапқа деген қызығушылығы әкесінен дарыған дейді. Математика пәнін сүйіп оқиды. Спортқа да бейім. Әрқашан доданың алдында жүретін Мейіржан келешекте математик болуды армандайды екен. Сонымен қатар ақындық өнерін де шыңдап, қаламынан жауһар жырлар төгілетініне сенімді.

Сарыарқа
Қазақ ұлы болғаныма мақтанамын,
Сұлулығын өмір бойы жыр қыламын.
Жар салар әсемдігін өз жерімнің,
Мақтанышы елімнің мен боламын.

Мен боламын патриоты Сарыарқаның,
Кең-байтақ, көркем, сұлу, гүлді алқаның.
Еуразия кінлігінде орналасқан,
Ерекше көз тартатын сырлы арқаның.

Сарыарқадан көркем жер жоқ жер бетінде,
Жастары көркем қылар ертеңінде.
Туған жерім мен ертең жай табамын,
Дамытып сұлу қылсам мен сені де.

                                



            Балқашым
Балқашым – бағым, ырысым,
Өндірген мысын, күмісін.
Әнге сап сені жыр етем,
Тамаша, көркем тұрмысың.

Балқашым – бағым, берекем,
Өзіңмен өтті мерекем.
Сұлулығыңа сүйсініп,
Жырыма арқау, ту етем.

Көліңмен айдын мақтанам,
Жеріңде ойнап, шаттанам.
Танытып жердің төресін,
Жыр арнап отыр жас балаң.


Комментариев нет:

Отправить комментарий