Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Ербол Ерболат



1998 жылы  туылған, Қарағанды облысы,Балқаш қаласындағы №8 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Кәусар» әдеби жастар клубының мүшесі жас, ақын.

Жыр оқыдым
Жыр оқыдым мылқау қара тасқа да,
Жасырмаймын, оны жақын достан да.
Қара тастан қасиетті сыр ұғып,
Бабам жайлы ой тарқатам жасқана.

Ей қара тас!
Құпияңды аш маған,
Ғасырлардың тереңінде сақтаған.
Мен қазақпын, қыпшақпын,
Құдіретпін,
Абай тілін жаттаған.

Мынау дала, мынау маңғаз тауларым,
Оларға мен жырдан сәлем арнадым.
Сар даламның босағасы секілді,
Маңғаз, маңғаз менің заңғар тауларым.

Құлын күннен құмар қылған құмай жыр,
Қол создырып тұрар алда Абай-ПІР.
Киелі өнер қолдашы, қолдашы сен:
Мағжан, Сәкен, Ілиястай кілең дүр!

Таразылап ғасырлардың безбенін,
Ойдың қанша дариясын кезгенмін.
Туған елдің тарихындай тереңді,
Туған жердің тылсымынан сезгенмін.


(Мағжан рухымен сырласу)
Ей, бабам, көрдім бүгін түсімде,
Түсімде сен түнердің кеп түңіле.
Шырт  ұйқыда жатқан мені оятып,
Ғайып болдың қалың тұман ішінде.

Сол мезетте жанарыңнан мұң көрдім,
Көрдім дағы, тіл қатпастан құр тұрдым.
Тұла бойым бір ысынып, бір суып,
Бір белгісіз күйге ендім суық тым.

Селк еттім де, шошып тұрдым ұйқымнан,
Жас жүрегім аласұрып,  бұлқынған.
Ақ парақ пен қалам алып қолыма,
Жүрегіммен сырластым кеп жыр тұнған.


Ей, жастарым, бірер сәт құлақ салшы,
Өлген ақын сөйлейді ғой, тыңдашы.
Шоғы сөнбес жырлар жатыр артында,
Өлді деуге сияды ма, иланшы?!

Ей, бабам, сөзің бар ма тіл қатшы,
Рухыңды сен кеудеме кеп жырлатшы.
Керуен жүгін арқалаған сапарға ,
Жас ұрпақтың жүрегіне жол тапшы.

Көз алдымда елестейді соңғы леп,
Өкінішім жанымды жегідей жеп.
Үн қатуға тілім келмей шырмалып,
Сол тұманға құр жібердім көк түнек.

Ер еді ғой, елін сүйген айбатты,
Арыстандай оққа ұмтылған қайратты.
Бабам ізі өшпес мәңгі тарихтан,
Әділдіктің үнін мәңгі сайратты.

Жан  жарасын қара жерге арқалап,
Өлім құшты құр дәрменсіз күйде қап.
Кете барды бұл фәнимен қоштасып,
Өшпес мәңгі, көк аспанға жарқырап.

Комментариев нет:

Отправить комментарий