Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Белгілі адамдардың белгісіз қырлары


*    Ақан сері қымыз берген үйдің ыдыс-аяғы кір болса, дастарқанын тастап жүре берген, кір жастықтан қашып, ер тоқымын жастанып, құла жүзге барып қонатын болған.


*    Күш атасы Қажымұқан титімдей тышқаннан қатты қорқатын болған. Соны жақсы білетін ақын Иса Байзақов алып балуанға шынашақтай бойымен айтқанын істетеді екен.


*    Бауыржан Момышұлы жазу үстеліндегі хаосты, қағаз, кітаптардың қалай болса, солай шашылып жатқанын ұнатқан. «Мой-порядок – это мой беспорядок» дейді екен.


*    Жазушы Тәкен Әлімқұлов қақаған қыстан жалаңбас шығатын болған. Айтуынша, «бұл-қан қысымын төмендетуге де көмегі тиеді»

*    Жазушы Асқар Сүлейменов күндіз ұйқтап, түні бойы кітап оқып жазу жазған.

*    Ақын Жұмекен Нәжмеденов жыр жазып отырғанда, сіріңкенің  талдарын бір-бірлеп майдалап сындырып отырған.

*    Көзі тірі жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов үйренген автоқаламын қашан сынып қалғанша, қолынан тастамай, ішін ғана ауыстырып отырған. Жазуды бастағалы бері автоқаламын екі, үш-ақ рет ауыстырған. Қырық жылға жуық уақыт ішінде ұстағаны – сол үш қалам.

*    Жазушы Мұхтар Мағауин қазы –қартаға тойып алған соң, жазуға отырады екен.

*    Академик Асқар Жұмаділов ешқашан қалта телефон ұстамағанын білесіз бе?
















Дереккөз: Айгөлек №6.- 2014.- 9б.

Комментариев нет:

Отправить комментарий