Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Мағжан Жұмабаевтың «Баян Батыр» дастанына ойтолғау

  Кейіпкерлердің жан күйзелісі, сезімдері, батырлық жəне махаббат тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың «Баян Батыр» дастанында жыр болып өріледі.
Дастанның басталуында "Ақтабан шұбырынды" тарихи оқиғасы суреттеледі. Өзінің кіндік қаны тамған Отанын ашкөзді жаудан сақтап қалу үшін қаншама батыр дүниеге келді, дүние салды. Солардың бірі жəне бірегейі - Баян Қасаболатұлы. Бір кезде жорықта қолға түскен қалмақ қызына ғашық болады, бірақ Құралай қыз оны аға ретінде ілтипат етіп жүреді. Қалмақ қызы мен батыр інісі Ноянның көңіл қосып қашып бара жатқанын естіп, қуып жетіп Баян батыр екеуін оққа байлап өлтірді.


«...Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!
Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.
Сұм садақ кетсе үзіп жас жүрегін,
Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін.
Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,
Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.
Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым!
Қайтейін, арымадың, арда күшім!
Жоқ, әлде, жоқ... жоқ... Әлде... Өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін?...»
  Мұнда Баянның жан құбылысы ерекше суреттелген. Қалай ойлайсыздар, бұл жерде Баян батырдың іс-əрекетін немен түсіндіруге болады? Бойды кернеген махаббат үшін қызғаныш па, əлде отанға деген ыстық патриоттық сезім бе? Бұл жұмбақтың жауабын дастанды оқи отырып, тереңірек ашып таба аласыздар.
Бұл туынды қысқаша болса да, мағынасы кең ауқымды, берері мол. Батырлық та, достық та, адамгершілік те, мейірім де, ашу-ыза да бар дастанда. Поэмадан алар сабағымыз көп, əрине. Маңыздысын айта кетсем, "Ашу - дұшпан, ақыл - дос" дегендей, ертең өкініп қалмайтындай, бойдағы ашуды дер кезінде ақылға жеңдіре білуіміз қажет. Ұлтымыздың да көптен күткен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы басты бағыттардың бірі ұлттық сананы жаңғырту, ұлттық кодымызды сақтау болса, біз сол құндылығымызды арттыру үшін отансүйгіштік қасиеттер дəріптелетін шығармаларды назардан тыс қалдырмауымыз керек.


Елеусізбаева Назерке, №3 кітапхана-филиалының оқырманы

Комментариев нет:

Отправить комментарий