Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Менің сүйікті кітабым – М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңдер мен поэмалар жинағы

Қазақтың тілі мен діні, ұлттық қалып-қасиеті жайлы, адамгершілік ізгіліктер жайлы танбай жазып келе жатқан ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов үлкеннің де, кішінің де сүйіктісіне айналғаны белгілі.  Бұл ретте Шахановтың өлеңін оқымайтын қазақ жоқ.
Шаханов - өлеңдері ең көп жатқа оқылатын және қазақтың ұлттық болмысын ғаламдық деңгейге танытқан философ ақын. Парасат биігінен орын алған қазақтың дара перзенті Мұхтар Шахановтың шығармашылығы мені бала кезімнен қызықтырады. Ақын кітаптарының ішінде көңіліме қонып, жаныма жақын қабылдаған кітап – «Ғашықтық ғаламаты» өлеңдер мен поэмалар жинағы.
Өлең өлкесінде айрықша ізі қалдырған ақының «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі белгілі бір сюжетке құрылған, астарлы оймен тереңнен толғаған тамаша туынды.  Бұл шығармада ақынның махаббаттың қадыр-қасиетін, күш-құдіретін оқырманға ұғындырғысы келгенін мына шумақтардан көреміз:
...Ғашық болып өлу қандай мәртебе.
Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік,
Жарық беріп жатсын маған көрде де!
Сонымен қатар, ақсұңқар ақынның «Жігерлендіру», «Төрт ана» «Эверестке шығу» өлеңдері жастар бойына жалынды жігер, ұлттық рух сыйлайтыны анық. Өлеңдер мен балладалары, «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» романдарынан үзінділер мен поэмалар жинағы енген аталмыш кітапты достарыма, әріптестеріме ұсынып келемін.


Орумбаев Ғалым,
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық
кітапхананың тұрақты оқырманы

Комментариев нет:

Отправить комментарий