Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!
 Мен жазушы  Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» деп аталатын хикаят - монологын оқып қайран(ойға) қалдым.
Бұл туындыда Ержан атты кейіпкердің жұлын омыртқасына жасалған аса күрделі нейрохирургиялық отадан кейінгі  азап шегіп, күні-түні ажалмен арпалысқан, мезгілсіз келген ажалды жеңгені жайында сөз болады.  Жұлынға жасаған отадан кейін Ержан аяқ қолынан жан кетіп сал болып қалғанда  ол небары 35 жаста ғана екен. Өмірге деген құштарлығының, қайсарлығының, махаббатының арқасында өжеттілік танытып, жары Гауһардың махаббатымен, шын достарының демеуімен өмірін жалғастырады.  Бұл кітаптың құндылығы да осы бір түйінде болса керек.

         Бұл туындыда тағы да басқа тағдырлар, өмірдің ащысы мен тұщысы жақсы баяндалған.
         Құрметті оқырмандар, адамның қашанда басы аман, бауыры бүтін боп, ауырмай сырқамай, төңірегі түгел болғанына не жетсін. Пендешілікпен анау дейміз, мынау дейміз. Қымбат көлік мінбедім, зәулім үйде тұрмадым деп армандаймыз. Денің сау болмаса бұл байлықтың құны бір тиын. Сондықтан қолымызда барымызды бағалап, әрбір атқан таңымыз үшін қуанайық.
         Немат Келімбетовтың осы «Үміт үзгім келмейді» туындысын сіздерге оқуға кеңес беремін.
        

                                                                                Қожамұратова Шырын Бергеновна

Комментариев нет:

Отправить комментарий