Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Мемлекеттік тіл – менің тілім

     Тіл – қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті ұғым. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалған асыл мұра. Ана тілінің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал, тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауға және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
     Амал не, туған тілімізді шұбарлап сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілінен безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік” деп ашына айтқаны ойға оралады. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған.      
     Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей емес пе?! Ойланайық... Ойыңызбен бөлісіңіз...

        
                                                                                                            Мұстафина Алина
aқпараттық-кітапнама бөлімінің редакторы

Комментариев нет:

Отправить комментарий