Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Ой-толғау

Қалың елдің ортасында тұратын жазушы Айжарық Сәдібекұлының есімі көзіқарақты оқырмандарымызға көптен таныс. Оның әр жылдарда жазған шығармалары «Аққұмның ақ түндері», «Бал айы», «Жұмыр жерде біз бармыз», «Шұғыла шуағы», «Парасат майданы» жинақтары жарық көрген. Жинақтағы әңгiмелердiң кейiпкерлерi – өмiрде болған әрi бiздiң замандастарымыз: еңбек жолын кеше бастаған жастар мен көптi көрген тарландар – оқырман көңiлiн толқытарлық тағдырлар десеңiз болады. Айжарық Сәдібекұлының «Бал айы» әңгімелер мен повестер жинағын жақында оқыған едім. Әсіресе Аққұмның ақ түндері тарауында сөз саптау мәнерінен кешегі мен бүгінгі өміріміздің уақыт талабы, кәдімгі қазақы қалыптан шыққан аңқау да ақкөңіл, мұңды да жайдары адамдарымыздың дем-тынысы,мінезі,табиғи жаратылысы сезіліп отырады. Жүрек түкпірінде қамсыз жатқан сырлы сезім күйін бір қоздатып өтпей қоймайды. Бұл хикаят маған ең алдымен құйылып түскен шынайы болмысымен ұнады. Хикаяттағы негізгі арқау Арал өңірінде болған жастар махаббаты жайлы қарапайым ауыл өмірі өте әсерлі суреттелген. Күнделікті өмір оқиғасына негізделген. Әрине хикаятта тап таза сезімге бой алған Бағлан мен Балбөбек сынды екі жастың кіршіксіз махаббаты әсерлі де қисынды суреттеле отырып, Арал теңізінің тағдыры да баян етіледі.
Осы қысқаша түйінмен бар болғаны – қатардағы оқырман ретінде алғаш лап берген әсерді ортаға салу ойымды бөлісу.

Комментариев нет:

Отправить комментарий