Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Аспанмен астасқан бәйтерек

Әлемдегі  ең биік ағаш Америка құрлығында өсіп тұр. Ғаламат тал АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Редвуд» ұлттық паркінде орналасқан. Оның нақты атауы – Гиперион, бұл ежелгі грек тілінен аударғанда «ең биік» деген мағынаны білдіреді. Нақтылай айтқанда, ғажайып ағаштың биіктігі 115,61 метрді құрайды. Бұл шамамен 35 қабатты үйдің биіктігімен пара пар. Алып секвоий ағашының діңінің жуандығы 40,8 метр, әрине осынша биік ағаштың құламай тұруы осы діңінің беріктігіне байланысты екендігі даусыз. 
Ғалымдар Гиперионның жасы шамамен 700-800 жылға тең, яғни алып ағаш 7-8 ғасыр бойы жасап, жапырақ жайып келеді. Егер тоқылдақтар талдың ұшар басындағы бұталарын шұқып, зиян келтірмегенде алып ағаш әрі қарай өсе бере ме еді, қайтер еді?
Алып ағашты жан-жақты зерттеу тұрғысында 2015 жылы бір топ альпинистер секвойенің ең биігіне шығып, бұл тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Олардың пайымынша Гиперион 2000 жылға дейін тамыр жайып тұра алатын көрінеді. Бір ғажабы, американдықтар өз жерінде өсіп осынау биік ағаш туралы бұрындары тіс жарып, еш жерде ешқандай мәлімет жарияламапты. Бәлкім, әлемнің әр шалғайынан жаңалыққа жаны құмар, әуесқойлар мен туристердің ағынан сақтанғандықтан болар. Олай болған жағдайда ғасырлар бойы өсіп тұрған ғажайып ағаштың экологиялық жүйесіне нұқсан келетіндігі сөзсіз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий