Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Төлен Әбдікті оқыдың ба?


Жақында оқыған бір шығарма ерекше әсер етті. Әңгіменің аты - «Оң қол», авторы - Төлен Әбдікұлы. Шағын ғана әңгіме мені терең ойдың иіріміне тартып әкетті. Жүрегімнің қақпасын қайта-қайта қаққан бір мазасыз сезім ұзақ уақыт жаныма тыныштық бермей қойды. Әңгіме аяқталғанша бұйралау кекілі бар ару қыздың сауығып, бақытты өмірге оралуын бар ықыласыңмен тілеп отырасың. Әңгіменің бас кейіпкері –Алма есімді өмірді сүйетін, арманға сенетін көрікті қыз. Алайда, Алма бұрын –соңды жұрт естімеген  жаман сырқатқа шалдығады. Жақынырақ таныған сайын қызға деген  аяушылық сезімің арта түседі. Оны бір жас дәрігер жігіт жеке бақылауына алады. «Бұл қалай, бұлай да болуы мүмкін бе?» деген сұрақтармен шығарманы лезде оқып тастағаныңды байқамай да қаласың.

Хамиева Н.
кітапханашы

1 комментарий:

  1. Ия "Оң қол" деген әңгімені бала кезімде анамнан естіп едім. Нұргүлдің ой толғауынан кейін есіме түсіп, оқығым келді. Сіздерге де оқуға кеңес бермін. Оқыңыздар.

    ОтветитьУдалить