Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Сен білесің бе?


1. Сасықкүзен тәулігіне 20 сағат бойы ұйықтайды.


2. Француздықтар көгершіндерді «жарғанат» деп атайды.



3. Сарган балығының сүйектері жасыл екен.


4. Керіктің тілі қара түсті болады. Ал ені 45 см-ге дейін болуы әбден мүмкін.


5. Антарктидадағы тіршілік ететін балықтардың қан температурасы -1,7 Цельсий градусқа дейін төмен болуы мүмкін.


6. Киттің жүрегі минутына 9 рет қана соғады.


7. Әлемдік гиннес рекордтар кітабында тауықтың ең ұзақ уақыт бойы ұшу уақыты 13 секундты құраған екен.


8. 1850 жылы Еуропадан Америкаға алғаш рет торғайларды апарғанда, американдықтардың қуанғаны соншама аталмыш құстарды «өлгенше» азықтандырыпты.

9. Игуана кесірткесі су астында 28 минут бойы тұра алады.


10. Зебраны қара және ақ түсті деп ойлап жүрсеңіз, қателесесіз. Себебі, зебралар – ақ және қара түсті.


11. Ежелгі Египетте егін алқаптарының басты жауы шегіртке емес, сусиыр болған екен.


12. Жыландар үш күн бойы еш нәр татпай, ұйықтай алады.


13. Жануарлардың ішінде су ішпей, көп уақытқа дейін шыдай алатыны – егеуқұйрықтар екен.


14. Оpангyтангтар ашуын алдын-ала білдіреді.


15. Колибр құсы мүлдем жүре алмайды.


16. Қолтырауындар судың астына жүзу үшін тасты жұтады.


17. Токиодағы хайуанаттар саябағы жыл сайын 2 айға жабылады. Себебі, жануарлар келушілерден біраз болса да демалуы қажет.


18. Көбелектің асқазаны болмайды.


19. Жарғанат – сүтқоректілердің арасындағы ұшатын жалғыз түрі.


20. Жылаушан аштыққа тап болғанда өз денесінің 95 пайызын жеп қоюы мүмкін.

21. Бүрге бір секіргенде 33 см-ге дейінгі арақашықтықты бағындырады. Егер адамдар да тура осылай секіретін болса, олар 213 метрден асатын еді.




1 комментарий:

  1. Өте қызықты әрі пайдалы ақпараттар. Күліп те алдым. Суреттерімен берілгені ұнады. Кітапхана ұжымы, рахмет сіздерге! Пайдалы ақпарат жинаудағы еңбектеріңізге тек қана сәттілік. Табыстарыңыз еселене берсін!

    ОтветитьУдалить