Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

«Гаухартасты» оқимыз!

     Жазушы Д.Исабековтың «Гаухартас» шығармасын қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары «Бір аймақ – бір кітап» акциясы бойынша түгел оқуға кірісіп кетті. Отбасындағы әкенің қаталдығы, ананың мейірбандығы, махаббат тақырыбы оқырманды баурап алады. Өз басым оқығанда көзіме жас келді.
     «...Мен жар сүюден бақытты емеспін. Қосылмай тұрғанда Ыбышты үш-ақ рет көрдім ғой... Әйтсе де мен енді басқа жақтан бақыт іздемеймін. Іздеп барып дәл үстінен түскен бақыттың маған керегі де жоқ. Мен ол бақытты қиын жерден іздеймін, жоқ жерден іздеймін. Өмір сонысымен қызық, сонысымен мағыналы...» - деген басты кейіпкер Салтанаттың сөздері шығарманың негізгі ойын арқалап тұрғандай.
     «Гаухартас» - жастардың махаббатқа адал болуына, жас отбасылардың шаңырағының шайқалмауына, қолда бар алтынның қадірін ұққызатын көркем шығарма. Оқып көріңіз, ой түйіңіз!
Г.Бегимова
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы

1 комментарий:

  1. Шығарманың салар ойы көп. бір әке-шешеден туған екі баланың мінезі де екі түрлі. Ыбыш өзгеріп бақытты отбасы болып неге аяқталмады екен деп те ойладым. Бірақ, өмірде солай ғой қолдағы алтынның қадірін біле бермейтініміз.

    ОтветитьУдалить