Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Тойдағы музыка мәдениеті

       Жақсы музыка мен ән тойдың көркі. Тойдың жақсы өтуі асабаға байланысты десек те, ол көбіне асабаның музыканы дұрыс ұйымдастыруына тікелей тәуелді. Мерекелік шараны әсерлі етіп өткізуі үшін асаба той иесімен бірлесе отырып шақырлатын қонақтардың ретін, сөз беру тәртібін анықтап, тойдың басталатын уақытынан бастап аяғына дейінгі қойылатын музыкаға дейін ойластырып алғандары жөн болар.
        Бүгінгі тойларда көпшілік дүңкілдеген музыкадан жалықты. Жаныңда отырған адаммен бір-екі ауыз қал-жағдай сұрасуға да мұршасы келмейді. Төрт-бес сағаттың ішінде музыканың жан шыдатпас шуынан әбден шаршап, кімнің болсын шақшадай басы шарадай болады.
       Қазақтың тойы әзілмен, әңгіме-дүкенімен, ақтарылған ақ тілегімен жарасымды. Көпшілік те соны қалайды. Музыка деген осы екен деп, тойды тынымсыз биге, бас-аяқсыз концертке айналдырып жібермеуі қажет. Бәрі де өз орнымен, өз мөлшерімен болғаны дұрыс шығар. Мейман тойға шаршау үшін емес, демалу үшін бармай ма? Осы жайлы асабалар қауымы ойланғандары жөн.
                                                                         

                                                                                    Кітапханашы Сарсембаева А.Қ. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий