Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Кітаптың қасіреті

Кез келген шығарма белгілі бір сюжетке құрылып, онда кейіпкерлер өмір сүреді. Қиялдан туған кейіпкерлер де өмірден алынған прототиптері де болады. Оқырмандар арасында кітапқа деген махаббаты ерекше, онсыз өмір сүре алмайтындар да бар. Бірақ олар кітап үшін емес, ондағы кейіпкер үшін өмір сүреді. Ал бұл жақсы ма,  жаман ба?!  Адам көңіліне ұялаған кейіпкер оқырман қызға немесе жігітке әсер етпей қоймайды. Ол өмірде де дәл сондай адам іздегісі келеді. Идеал көреді. Ал өмірде кездеспеген жағдайда мұң арқалап, қайғыға тап келуі ғажап емес. Бұл кітапқа табынушылық (фанатизм). Тағдырыңыз өзгеріп кетуі де ғажап емес. Кейбір шығармалар адамның психологиясына әсер етеді. Том-том кітапқа бас ұрған оқырманның қалыпты өмірге қайта келуі де қиындап кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда адам тіршілікке шынайы көзбен емес кітап көзімен, кейіпкер көзімен қарайды. Ал бұл адамның шынайы болуына әсер етеді. 
Кітапты талғаммен және талдап оқу керек. Авторға мән беріңіз, кітапқа, тақырыпқа және мәніне ден қойыңыз. Өйткені сіз кімді оқып жатқаныңызды, не үшін оқып жатқаныңызды, не беретінін білуіңіз керек. Бұл – міндетті нәрсе. Қазіргі кезде жарыққа шығып жатқан кітаптардың, шығармалардың көбі белгілі бір идеологияға негізделген. Оларды саралап оқу керек. Өйткені сізге әсер етері анық. Сөз – сүйектен өтеді. Сөздің киесі бар.  Қасиетті дүниенінің құндылығын сезіну басқа, қасіретке ұрынып қалу бір басқа. Жақсысын үйреніп, жаманын тастаңыз!

Жаркымбекова Дана

1 комментарий:

  1. ДАНА сІЗ ҚАЗІРГІ ЖАСТАРҒА ҚАНДАЙ ЖАНРДАҒЫ КІТАПТЫ ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕСІЗ?

    ОтветитьУдалить