Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Бақыт пен өмір

Бақыт дегенді әркім әрқалай түсінеді. Мен үшін өмір, бақыт деген белгілі бір ережесі жоқ бір сөзбен айтып жеткізе алмайтын түсінік.
                                        Өмір маған ақыл айтты сол ізгі,
                                        Қарап тұрсам өмір ақыл теңізі
                                        Өмір айтты бақытты деп өзгелер...
- дегендей, біз көп жағдайда өз бақытымызды, өз өмірімізді бағалай білмейміз. Адам болып өмірге келгеннен кейін, өмірде әркімге әр түрлі тағдыр берілген. Бәріміз сол тағдырдың жолында жүріп,  өмір - бізге сыйлаған Алланың үлкен сыйы екенін түсіне бермейміз. Оны қойғанда, қолымыздағы бар бақытты бағалай алмаймыз.   Менің ойымша, біздің үлкен бір кемшілігіміз, адам баласының өмір сүру жолындағы үлкен қателікке жол алдыратын, тура жолдан тайдыратын жаман қасиеттерінің бірі – көрсеқызарлық. Соның кесірінен біз өз өмірімізді, өз бақытымызды, өз қолымыздағы барымыз қаншалықты қымбат екенін түсіне бермейміз. Көбіміз оны қателік немесе кемшілік деп мойындағымыз келмейді. Біреудің бақыты аз болса да көптей көрініп,  ал өз бақытымызға көңіліміз толмай, өзгенің өміріне қызыға қараймыз. Қолда барды бағалай білмейміз.
Айтайын дегенім, жоғарыдағы өлең шумақтарында айтылғандай өзгенің өміріндегі бақытты аңсамай, өз өміріміздегі  өз бақытымызды бағалай білейік. Қандай тағдыр болса да шүкір деп, әрқайсымызға  тиесілі қымбат құндылықтарды дер кезінде, қолда барда бағалай білейік, достар.             
Ал сіз, бақытыңызды бағалай білесіз бе? 

Мұстафина Алина 

2 комментария:

  1. Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Біреу қалталы болса, ақша-мүлікті бақыт деп санайды. Тағы біреулер денсаулық, отбасының амандығы осыны бақыт деп түсінеді. Менің ұғымымда "бақыт" деген Отанның амандығы, сәбилердің ұйқыларының тыныштығы. Сонымен қатар, ата-анам, балаларым, бауырларымның қасымда болғандығы.

    ОтветитьУдалить
  2. Мұқағали Мақатаевтың "Бақыт деген не өзі?" - деген өлеңіндегідей "Оны алыстан іздемегің, жүректен тап - бақытты" - дегендей егер жүрегіңіз таза,пәк болса, сіз нағыз бақытты адамсыз!

    ОтветитьУдалить