Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Өмір – өзен өткелдері

Өмір - теңіз,
Жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз, - деп Рудаки айтқандай өмірді ағып жатқан теңізге теңеуге болады. Өйткені өмір теңіз тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады.
Өмір – адам баласына берілген сарқылмас байлық. Өмір қызықты сәттер мен әр түрлі оқиғаларға толы. Әркімнің өмір жолы әр түрлі. Әр адамға өз өмірі қымбат.Өмірге келгеннен соң адами қалпыңды сақтап қалу бұл да сенің жеңісің.
Менің ойымша өмірде кездесетін қиындықтар бізге берілген сынақ. Сол қиындықтарды жеңіп шығу жолында өзіңе деген сенімділікті жоғалтпау керек. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырмен жеңе білгеніміз дұрыс. Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан оны бақытты, мәнді, қуанышты өткізуге тырысайық.

Өмірзақ А.Ж. автоматтандыру бөлімінің кітапханашы - программисті

1 комментарий:

  1. Расымен де Өмір — теңіз, тағдыр — кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек. Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында.

    ОтветитьУдалить