Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Мамандық таңдау

«Адам өмірінде екі нәрседен қателеспеу керек: бірі – жар таңдауда, бірі – мамандық таңдауда» - дегенді  жиі естіп жатамыз. Расында, егер таңдаған мамандығыңыз өзіңізге ұнап, жұмысыңыздан ләззат алсаңыз, сіз – бақытты жансыз! Ал, адам сүйіп жасаған ісінен ешқашан шаршамайды. «Адамдық борышың – халқыңа қызмет қыл» - деп Шәкәрім Құдайбердіұлы жырлағандай, еліңе адал қызмет етсең, адамдық борышыңның өтелгені емес пе?!
Балаға мамандық таңдауда ата-ананың рөлі үлкен. Кеңес береді, қолдау көрсетеді. Кейде ата-аналар өздері қол жеткізе алмаған армандарын балалары орындаса екен деп, кейде жұмысқа орналасу оңай болады деп баланың тағдырына балта шауып жататындарын аңғармайды. Сондықтан, бейімділігіне, қызығушылығына, қабілетіне қарай мамандық таңдап, балаңыздың қалауына құлақ асқаныңыз жөн.
Мамандығын дұрыс таңдай алмай, өмірде өз орнын таппай жүргендер мен ақшаның құлы болып жүргендер көп. Балаңызды мамандығынан ақша табуға емес, бақыт табуға үйретіңіз!
Сізге өз мамандығыңыз ұнайды ма? Жұмысыңызды қаншалықты сүйіспеншілікпен жасайсыз?
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы
Г.А. Бегимова 

1 комментарий:

  1. Ия, дұрыс айтасыз балаға мамандық таңдауда ата-ананың рөлі өте маңызды. Мен де өмірде өзімнің қол жеткізе алмағандарыма балаларым жетсе екен деп армандаймын. Қазір бір ғана емес, заман талабына сай бірнеше мамандықты игеру артық етпейді деп есептеймін. Әрбір адам өз мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де риза болып жүреді деп ойлаймын.

    ОтветитьУдалить