Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Интернет, уақыт және адам

Қазіргі техниканың алуан түрлері дамыған заман. Осы техниканың ішінде әрбір адам күнделікті өмірде  компьютер, ұялы телефон  қолданады. Осы құралдар арқылы  интернет жүйесіне кіреді.
Интернет ақпарат көзі және байланыс құралы  болып табылады. Интернеттің  пайдалы және зиянды тұстары да бар. Пайдалы тұстары,  яғни интернет жүйесі арқылы біз өзімізге керек ақпарат көзінің таба аламыз. Сонымен  қатар,  үйден шықпай-ақ өзіңізге керекті тауарды сатып  аласыз, төлем  төлей аласыз (коммуналдық) және т.б. Зиянды тұстары интернетте барлық ақпаратты тапқанмен, бірақ  бұл ақпараттың пайдалы, не болмаса зиян екенін ажырата білген дұрыс. Қазір жастардың басым көпшілігі кітап оқуға ниетсіз деп айта аламын.  Бұған себеп - интернет. Себебі, ғаламтордан ақпаратты дайын күйінде көшіріп алып, кез-келген сұраққа жауап ала алады. Осылайша, адамның түсінуі, ойлау қабілеті дұрыс дамымайды.
Сондай-ақ, көп адамдар өз уақыттарын әлеуметтік желілерде өткізеді. Мысалға, ВКонтакте, Одноклассники, Facebook, Instagram сияқты кез-келген әлеуметтік желілерде  виртуалды әлемін құрып алып, шынайы қарым-қатынастан алшақтай бастайды.
Әрине, интернет - ақпарат іздеу үшін, сақтау үшін қажет жүйе. Әр  адамның таңдауы  өз еркінде.  Қазіргі технологияның дамыған заманында уақытты тиімді пайдалана білейік. «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені» деген мақал бекерге айтылмаған.
Бозова Б.
автоматтандыру бөлімінің кітапханашы - программисті

2 комментария:

  1. "...виртуалды әлемін құрып алып, шынайы қарым-қатынастан алшақтай бастайды" дегеніңізбен толықтай келісемін. Қазір бәріміздің қолымызда бір-бір смартфон, планшет. Бір-бірімізбен тіл табысудан қалдық.Балаларда да сондай, демалыс кездерінде үйден шықпайды, компьютерге телміріп. Оларға қарап біздің балалық шағымыз қызықты өткен сияқты деп ойда қаламын. Далада алысып, шаң-шаң, кір-қожалақ боп үйге келетінбіз. Әттең, қайта келмес уақыт...

    ОтветитьУдалить
  2. бүгінгі таңда ғылыми технологияның қарқынды дамуы біздерге өте қолайлы, ақпарат алмасу әлем кеңістігіне кіру т.б.сол сияқты шаралармен беттесу дегенмен ҒАЛАМТОР казино секілді адам психологиясына қатты әсер етеді сол себептен уақытында тоқталу қажеттігін естен шығармау қажет.Уақыт алтыннан да қымбат сондықтан уақыты әлеуметтік желілерде емес, шынайы қарым-қатынаста төзкізейік.

    ОтветитьУдалить