Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Жазу қашан шықты?

Жазудың ең ежелгі түрі шамамен 5000 жыл бұрын Шумердегі (қазіргі Ирак) Урук қаласындағы       үйінділерде ойлап шығарылған.    
Жазу жұмсақ саз балшыққа үшкір құралды батыру арқылы іске асырылған. Шумерлер пиктограммалармен (нысандардың стильді суреттері) жазған. Ежелгі қытайлықтар да сөздерді білдіру үшін таңбалар колдана отырып, жазу түрін ойлап шығарды. 1700 жылдарға қарайқытай тілінде 40 000 иероглиф болған! Батыс әліпбиінің 26 әрпімен салыстырғанда қытай және оның нұсқалары өте күрделі.       
Ең, ең, ең...
1.   Тек салмағы немесе көлемі жа­ғынан емес, томы мен таралы­мының көптігі
жағынан таңғал­дырған кітаптар да бар. Мысалға, 1968-1972 жылдар аралығында
жарық көрген Британия Пар­ламенті құжаттарының жинағы 1112 томды құраған.
Оның толық жинағының салмағы 3,3 тоннадан асып жығылады, егер барлығын
оқып шыққыңыз келсе, 6 жы­лыңызды сарп етуіңіз керек...
2.  Дүниежүзінде ең көп та­ралыммен шыққан Агата Крис­тидің романдары. Оның
78 кітабы әлем бойынша 44 тілге аударыл­ды, жалпы таралымы 2 миллиард­қа
жуық. 
3.  Әлемде аукцион арқылы миллиондаған долларға сатылған кітаптар да бар.
Мәселен, 1994 жылы «Собтис» аукционында Леонардо да Винчидің «Лейчес­тер
Кодексі» атты қолжазбасы 30,8 мил­лион долларға өткен. Оны әлем­дегі ең бай
адамдардың бірі Билл Гейтс сатып алған...

Комментариев нет:

Отправить комментарий