Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Махаббат, қызық мол жылдар

    Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романын оқып бітірдім. Романнан алған әсерім өте керемет. Қатты ұнады, түсінікті, қызықты кітап. Басты кейіпкерлер шынайы, шыншыл, тәрбиелі. Ұсқынсыз Зайгүл, Бүркітбай сияқты кейіпкерлер де бар. Бар болуы да орынды шығар, себебі өмірде сондай адамдар да кездеседі ғой. Заман мен Тананың, Ербол мен Меңтайдың махаббатын айтып жеткізу мүмкін емес. Өте әсерлі, романның ішіне кіріп кетердей боласың. Бір-біріне деген адалдық, сенім, сезім, шыдамдылық әрбір оқырманға қатты әсер етері анық. Романды көбіне жастар оқиды екен. Бірақ мен жас мөлшеріне қарамай, барлықтарыңызға оқып шығуларыңызға кеңес берер едім. 
     Роман 17 бөлімнен тұрады, 1970 жылы жарық көрген. Белгілі жазушы М.Пришвин өзінің күнделіктерінің бірінде: "Бүгінгі күннің тақырыбы жеке адамға арналған махаббатты көпке деген сүйіспеншілікпен ұластыра білу, екінші сөзбен айтқанда: жеке адамды жақсы көре тұрып, көпті сүйе білудің жолын табу"- деген.
        Әзілхан аға, осыны қалай білуге болады? - деген сұраққа жауап іздеу мақсатында романды жазуға кіріскен. Маған қатты ұнады!!! Қазіргі кезде Меңтай сияқты махаббатқа адал, Ербол секілді сезіміне берік жастар арамызда сирек кездесетін секілді. Бүгінгі таңда жас отбасылардың жұбайлық өмірінің тез аяқталуының себебі неде деп ойлайсыздар? 
Меңдігүл Өтепова 

2 комментария:

  1. Иә, өте дұрыс жазылған. Менде оқыдым, жақсы әсер алдым. Автордың тілі жеңіл, оңай оқылатын кітап. Бір бастасаң, тоқтай алмай оқи жөнелесің. Ерболдың ерлігі, қыз атаулыны сыйлау әдебі, сүйіктісіне адал болуы қазіргі таңдағы біздің азаматтарымызға жетіңкіремейтін қасиет деп ойлаймын. Әрине, көпке топырақ шаудан аулақпын, ақылды жігіттер де аз емес. Әлде, қыз-келіншектердің жігіттерге деген көзқарасы өзгерді ме? Көп жағдайда жас отбасылар бір-бірін дұрыс түсінбегендіктен айырылысып жатады. "Махаббат қызық мол жылдар" кітабын отбасын құруға дайынмын деген азаматтар мен азаматшаларға оқуға кеңес берер едім. Осы кітапты оқығаннан кейін махаббаттарыңызға берік боларыңыз анық. Әр кітаптың жазылуында әлеуметтік ой, идея, қоғамдық санаға әсер ететін түйін жатады. Оқу барысында осыны түсінген жөн. Бос уақыттарыңызды кітап оқуға жұмсаңыздар!

    ОтветитьУдалить
  2. кіршіксіз сезім, мөлдір махаббат пен шынайы достықты жазушы керемет суреттейді. Бұл көрініс менің студенттік шақтарымның бір картинасы деп білемін.
    Әтең… жазушы болсамғой. Кеше ғана өткендей, бәрі ішімде сайрап тұр, бірақ өте алыстағы қимас шақтар. 2006-2010 кезең

    ОтветитьУдалить