Әдебиет –
қоғам айнасы. Еліміздегі тіл мәселесінің ахуалын, қоғамдағы тыныс-тіршілікті
суреттейтін М.Мағауиннің постмодернистік бағытта жазылған «Жармақ» романынан
ұлтының, тілінің тағдырына алаңдаған жазушы бейнесін көреміз.
Романның басты
кейіпкері – Мұрат Бейсенұлы Қазыбеков және оның жармағы Марат Бейсенұлы
Қазыбековті бір-бірімен салыстырып, адам бойындағы кереғар құбылыстарды ашады.
Бір адамның екіге бөлінуі қазақ әдебиетіне тың жаңалық енгізгені рас. Қазақтың
төл «Ұ» әрпінің маңыздылығын көре аласыздар. Кейде өзіміз де бір мәселені
шешуге келгенде «ақылмен шешім қабылда» немесе «жүрегіңнің қалауын жаса»
дегендей екі ұшты ойда болатынымыз тағы бар. Шығарма - психологиялық әсерлі
туынды, оқысаңыздар біраз ой түйесіздер.
Тәуелсіздігімізге
25 жыл толса да, тіл мәселесі жөнінде пікірлер толастар емес. «Өзге тілдің
бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қ.Мырзалиев айтқандай, тілге деген
құрмет – елге, ұлтыңа деген құрметпен тең.
Ал, сіз
балаңызға қай тілде сөйлейсіз? Балаңыз қай тілде ойланатынын білесіз бе?!
Бегимова Гүлмира Абдуллақызы
Комментариев нет:
Отправить комментарий