Елбасымыз: «Отанға
деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл
барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі», - деп отбасы
тәрбиесінің рөлін айқындап берген. Сондықтан, бақытты отбасын құру, шаңырағын
шайқалтпай, керегесін кеңейтіп, татулықты сақтау – ерлі-зайыптылардың басты
міндеттері.
Махаббат тақырыбын
шығармаларының арқауы еткен Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар» романында
бақытты отбасы – екі жастың махаббатымен қатар төзімділік, сабырлық, кешірімді
болу арқылы құралатынын жұбайлар өмірінен сыр шертеді. Романды басты үш
кейіпкер – Ілескүл, Зеріп, Мұқаның монологтық сырына құрады. Осы үшеуі арқылы
әйел затының әркімге айтыла бермес жан сыры болатынын суреттеп шығады. Б.Нұржекеев:
«Қазақ әйелі мың түрлі болу керек. Қазақтың азаматы да солай болуы керек.
Түр-түсі, қылығы жағынан. Бірақ, таза болуы қажет... Ерлі-зайыптылардың
бір-бірін мәңгі жақсы көруінің негізі осы тазалықта»-деген. Кейіпкердің қызына
жасауы ретінде сыйға тартқан күнделігі – қымбат дүниеден артық қазына екенін
көреміз. Себебі, онда анасының басынан кешкен оқиғалары, жіберген қателері,
жұбайлық өмірдің қызығы мен шыжығын, әйел мен еркектің арасындағы күрделі
қарым-қатынасты баяндап, қызына деген аналық тілегін байқаймыз. Отбасылық өмірге қадам басқан жұптарға оқуға
кеңес беремін.
Бақытты отбасында өскен
бала – елінің үмітін арқалаған тұлғаға айналмақ. Отбасы – шағын мемлекет,
сондықтан өз мемлекетіңді қалай құратының, қалай басқаруың – өз қолыңда.
Студент кезімде бір
мұғалімнің айтқан ақылы әлі есімде: «Ұрысып, жанжалдан абырой тапқан ешкім жоқ,
саған ұрысып жатса, үндемей, басқа нәрсеңді ойлап отыра бер, мәселен, «аяғымның
тырнағын қашан алдым?» деген скілді»,- дегені жақсы ақыл болды. Ал, сіздің
отбасыңыздың татулығының сыры неде?!
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің
кітапханашысы
Г.А. Бегимова
Комментариев нет:
Отправить комментарий