Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Қазақстандағы ең бай кітапхана



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті "Ғылым ордасы" РМК Ғылыми кітапхана - Қазақстандағы ең бай кітап қоры 5 млн. 600 мыңнан асатын Алматы қаласында орналасқан ірі ғылыми кітапхана.
Кітапхана ұлттық басылымдар, диссертациялар, ғылыми еңбектерден тұратын Қазақстан ғалымдарының жеке кітапханаларының ең бай жиынтығы болып саналады. Деректер аукымы кең: қолжазбалардың түпнұсқасынан заманауи ақпарат тасымалдаушыларға дейінгі аралықты қамтиды.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті "Ғылым ордасы" РМК Ғылыми кітапханасы - сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар иесі. Сирек кітаптар қоры 91,0 мың дана, қолжазбалар қоры  - 22 мың дана, шығыс әдебиеті қоры  9,9 мың дана.
Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық  әдебиеттер қоры кітапхананың құнды дерек көзі. Мұнда төңкеріске дейінгі қазақ әдебиеттерінің бірегей жинақтары Қазақстандағы басқа кітапханаларга қарағанда толық түрде қамтылған. Осы бөлімде Республиканың Ғылым академиясында қорғалған диссертациялар толық жинақталған. Қор 7 жеке бөлімнен тұрады.
Жинақтардың хронологиялық уақыты  XIV-дан XX дейін.
Қолжазбалар тарихи материалдар мен қазақ әдебиетінің ескерткіштерін ұсынады. Сирек кітаптар қорының негізгі бөлігін қазақ халқының этнографиялық және археологиялық тарихын зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері құрайды. ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы - республикалық маңызы бар ақпарат орталығы.
Белгілі ғалым, жазушы Шериаздан Елеукенов: «Бүгінде жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар саласында кітап қоры бай дәл мұндай кітапхана иесі Кіндік Азияда жоқ» деп бағалайды. Бұл кітапханада сирек кездесетін кітаптар мұражайы орналасқан. Атақты шығыс шайыры – Әлішер Науаидің диуандарын, Ораз Молда аудармасындағы Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамесін», Физулидің «Ләйлі-Мәжнүні» шығармасын ел арасында қолдан-қолға көшірілген қолжазба күйінде көруге мүмкіндік алды. «Шығыс Илиадасы» аталған «Шаһнаме», «Лейлі-Мәжнүн» ғашықтық дастандары қазақ арасында ауыз әдебиет үлгісінде де, қолжазба түрінде де тарады. Ораз Молда, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары, Жаяу Мұсаның күнделігі, Шәді Төренің өлеңдері, Әлкей Марғұлан шығармалары қолжазба күйінде сақталған.  

Комментариев нет:

Отправить комментарий