Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

Балаңыз сіздің сөздеріңізді қалай қабылдайды?

  Балалармен сөйлескенде біз олардың біздің айтқандарымызды қалай қабылдайтынына аса мән бере бермейміз. Елестету қиын бірақ біздердің(ата-аналардың) сөзіміздің үлкен күші бар. Бір ғана сөз баланы жұбатып немесе үмітін су сепкендей басуы мүмкін.

Біз баламызға…
- Абайла құлап қаласың!
- Итке жақындама қауып алады!
Баланың түсінуі…
Айналадағы барлық нәрсе қауіпті ең жақсысы ешнәрсе жасамау.
Сіз басқаша айтыңыз…
- Өзіңді өзің күт, өзіңді сақта. Ықтият бол.
Біз баламызға…
- Бол енді тездет! Асықсаңшы! Тыныш! Тоқта! Жауап бер!
Баланың түсінуі…
Сен маңызды емессің. Үлкендердің айтқаны ғана болуы тиіс.
Сіз басқаша айтыңыз…
- Менің 10 минут уақытым ғана бар еді. Саған қанша уақыт керек?(Келісуге тырысыңыз)
Біз баламызға…
- Бұртыйма! Айқайлама! Күлме! Жылама!
Баланың түсінуі…
Сен өз сезіміңді көрсетпе.
Сіз басқаша айтыңыз…
- Мүмкін сен шаршаған шығарсың. Сен бір нәрседен қорықтың ба?(Баланың сезімдерін түсінуге тырысыңыз)
Біз баламызға…
- Қанша мәрте қайталауға болады(түсіндіруге)
Баланың түсінуі…
Сен ақымақсың, еш нәрсе түсінбейсің.
Сіз басқаша айтыңыз…
- Сенің қолыңнан барлығы келеді, тағы бір қайталап көр. Егер қаласаң көмектесіп жіберемін.
Біз баламызға…
- Ұялмайсың ба!
Баланың түсінуі…
Сен жамансың , сенде бір нәрсе дұрыс емес.
Сіз басқаша айтыңыз…
-Барлығымыз қателесеміз. Қателік жасау арқылы біз үйренеміз.
Біз баламызға…
-Көрдің бе, жұрттың баласын қандай ?
Баланың түсінуі…
Сен басқа балалардан қарағанда жамансың.
Сіз басқаша айтыңыз…
Біз сені қандайсың сол күйіңде жақсы көреміз.


1 комментарий:

  1. Өкінішке орай, осындай қателіктерге бой алдыртып жататынымыз рас. Жадыңа түйіп жүретін жақсы ақыл-кеңес екен.

    ОтветитьУдалить