Біздің блогқа қош келдіңіздер!!! Добро пожаловать на наш блог!!!

АНАЖАР

       Жазушы Елен Әлімжанның бұл еңбегінде автор бүгінгі қоғамдағы күрмеуі қиын проблемаларды бас кейіпкердің басынан кешкен тағдырымен байланыстыра баяндау арқылы адамзаттық, әлемдік мәселелердің мәніне оқырман назарын аударады.
Ал «Ескі жара» хикаяты мен «Қоларба» деп аталатын әңгімесі нарықтық қатынастар кезеңіндегі қазақ ауылдарының жай-күйінен сыр шертеді. Солардың бірі осы кітаптың кейіпкері Анажар атты әйел. Тағдыр тәлкегіне түсіп махаббат машахатынан алданып қалған ару қыздың, әйелдің тағдыры.
Автор қазіргі заманда белең алып келе жатқан тастанды бала, алданған қыз тағдырын, қала мен ауыл өмірінің тағдырын салыстыра баян етеді.
Мен ұсынып отырған роман салмақты ойымен, көркем тілімен де өмір кептелістерін өкініш пен тәубешілік жайлы жеңіл қарапайым тілмен жазылған.
Романды оқи отыра тосын ой орамдары арқылы ары қарай не болады екен деп, бір парақтан екіншісіне өтіп қалай тауысып оқығаныңызды байқамай қаласыз. 
Кітаппен танысып, жазушының өмірі мен парасатты өнегесін кейінгі ұрпаққа дәріптейік!

 

                                                    №3 кітапхана – филиалының  кітапханашысы
                                                                                  Туғанбаева Құралай Насрединқызы

Комментариев нет:

Отправить комментарий