Ақылбек Толғанай ЖББ №25 мектептің 9 «Б» сынып оқушысы. Толғанай 6 -шы
сыныптан бастап өлең жазуға әуестене бастаған. Оның алғашқы жазған өлеңі өмір
жайлы. Сонымен қатар ол өзінің туған өлкесі Қоңыраттың 90 жылдық мерейтойына
арнап «Қоңырат» атты өлең шығарып, №5 балалар кітапхана-филиалында өткен «Туған
күніңмен, Қоңырат!» атты шығармашылық байқауға қатысып, 3 дәрежелі дипломын
жеңіп алды. Ол болашағынан үлкен үміт күтуге болатын алғыр оқушы екендігін
дәлелдеп берді.
Қоңырат-алтын бесік
Туған жерім.
Сәби кезден осы жақта тұрған едім,
Қоңырат-90 жылың құтты болсын!
Жайнап өсіп келе жатқан туған жерім.
Бүгінде өсіп келет Қоңыратым ,
Өсе бер, жайнай бер деп тілек айттым!
Қоңырат-жүрегімнің бір бөлшегі,
Асқақтап келе жатыр атың сенің.
Қоңырат-мың жасап,көркейе бер!
Бұл Қоңырат-таланттының өлкесі біл!
Қоңырат-ұлы дала рухы биік,
Мерейтойың бүгін деп бізде келдік.
Әсем, көркем Қоңырат, гүлдене бер.
Құттықтаймыз сені далам, Мерекеңмен!
Комментариев нет:
Отправить комментарий