|
Ақан сері қымыз берген үйдің ыдыс-аяғы кір болса,
дастарқанын тастап жүре берген, кір жастықтан қашып, ер тоқымын жастанып,
құла жүзге барып қонатын болған.
|
|
Күш атасы Қажымұқан титімдей тышқаннан қатты қорқатын
болған. Соны жақсы білетін ақын Иса Байзақов алып балуанға шынашақтай бойымен
айтқанын істетеді екен.
|
|
Бауыржан Момышұлы жазу үстеліндегі хаосты, қағаз,
кітаптардың қалай болса, солай шашылып жатқанын ұнатқан. «Мой-порядок – это
мой беспорядок» дейді екен.
|
|
Жазушы Тәкен Әлімқұлов қақаған қыстан жалаңбас шығатын
болған. Айтуынша, «бұл-қан қысымын төмендетуге де көмегі тиеді»
|
|
Жазушы Асқар Сүлейменов күндіз ұйқтап, түні бойы кітап
оқып жазу жазған.
|
|
Ақын Жұмекен Нәжмеденов жыр жазып отырғанда, сіріңкенің талдарын бір-бірлеп майдалап сындырып
отырған.
|
|
Көзі тірі жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов үйренген автоқаламын
қашан сынып қалғанша, қолынан тастамай, ішін ғана ауыстырып отырған. Жазуды
бастағалы бері автоқаламын екі, үш-ақ рет ауыстырған. Қырық жылға жуық уақыт ішінде
ұстағаны – сол үш қалам.
|
|
Жазушы Мұхтар Мағауин қазы –қартаға тойып алған соң,
жазуға отырады екен.
|
|
Академик Асқар Жұмаділов ешқашан қалта телефон
ұстамағанын білесіз бе?
|
Комментариев нет:
Отправить комментарий