Сіз, елі мен
жерін, ұлтының ұлылығын һәм қасіретін, бастан кешкен тарихын, ізгілікке толы
жүрек иелерін, қат-қабат сырлы адам болмысын көркем шығармалары арқылы ұрпақ
жадында жаңғыртып жүрген - ерекше рухани дүниелерімен қазақ әдебиетінің
қазынасын байытқан – Әлібек Асқаровты танисыз ба?. Әдебиет әлемінде қанша
оқысаң да жалықтырмайтын, оқыған сайын тынысың ашылып, тамырың иіп, тамсандыра
түсетін көркем туындылар баршылық. Сол көп шығармалардың бірі Әлібек
Асқаровтың қарапайым көркем тілде, шебер
суреттелетін, адамның психологиялық, ішкі жан дүниесі, тәлім-тәрбиесі, ой
тереңдігі, өмірге деген философиялық көзқарасы арқылы шығармашылық биігін көресің.
Мені автордың әңгімелері, повестері,
хикаялары қызықтырады. Сонымен қоса тақауда оқыған қазіргі проза шеберлері сериясында шыққан
«Алтайда алтын күз еді» шығармасы. Бұл шығарма суретші Жәнімхан мен жас сұлу келіншек Гүлзина туралы. Шығарманың
кереметтігі сол, кітапты бас алмай бір қарқында оқып бітіресіз. Ондағы
суретшінің өмірдегі шынай бейнесі, аңғырттығы мен албырт жастығы, Гүлзинаға деген ерекше
сүйіспеншілігін сезінесіз. Ал, жас келіншектің махаббаты, үлкенді сыйлауы,
тағдырына көнуі, махаббат деген ұлы сезімді сезінуі жайлы айтылған. Бұл көркем
шығарманың ерекшелігі, көпшілікті бей-жай
қалдырмайтын терең мағыналы картина
жазуымен аяқталады. Міне, таза сезім, мөлдір махаббаттың биіктігі деген
осы болар.
Искакова
Роза Ғылымжанқызы
№4 «Сырлас» кітапхана-филиалының меңгерушісі
Комментариев нет:
Отправить комментарий